. Parkjun<li><a href='/kaz/'>Басты</a></li><li class='active'>Шеберлерді таңдау</li>

Назар аударыңыз!

Оңтүстік Корейден келген PARKJUN BEAUTY LAB аты аңызға айналған сұлулық зертханасы ESENTAI MALL-да 2016 көктемінде ашылатын Алматыдағы өзінің бірінші сұлулық салонына шеберлер таңдауын жариялайды.

Сіз үлгінің кемеліне сенетін, жас және жасампаз стильшісіз бе? Егер, иә болса, онда доп сіздің тарапта, біз сұлулық индустриясында әлемдік бренд тобының бір бөлігі болуды асыға күтудегі, сұлулық және талғам сезімі бар стильші шеберлерді іздейміз.

«PARKJUN BEAUTY LAB» салонына HAIR STYLIST, NAIL STYLIST және MAKE UP ARTIST категорияларындағы стилист кандидаттарға деген талаптар:

Сіздің түйіндемеңіз келесілерден тұру керек:

1) Сурет

2) Жұмыс тәжірибесі (3 жылдан жоғары)

3) Дипломның, сертификаттардың болуы

4) HAIR STYLIST үшін: Жұмыстардың (әйел немесе ер шаш күземі, шашты бояу, қою және сәндеу үлгісі) видеосы немесе суреті. 
     NAIL STYLIST үшін Жұмыстардың (маникюр, педикюр, лакпен, гельмен бояу) видеосы немесе суреті
     MAKE UP ARTIST үшін Жұмыстардың (кешкі және күндізгі макияж, бодиарт) видеосы немесе суреті

Жартылай финалға 10 HAIR STYLIST, 5 NAIL STYLIST және 3 MAKE UP ARTIST кіреді, ал финалды таңдауды корей операторы франшиза жасайтын болады, тек бес ең үздік стилисттер біздің топта жұмыс істейтін болады! Жартылай финалистерді ынталандыру сыйлықтары күтеді.

Сіздің түйіндемеңіз бен портфолиоңызды cv@parkjun.kz электрондық мекен-жайда күтеміз.

.