. Сеулден келген жетекші визажист Алматыдағы PARKJUN BEAUTY LAB тобына шеберлердің іріктеуін өткізді
Басты

Біз туралы

Жаңалықтар

Сеулден келген жетекші визажист Алматыдағы PARKJUN BEAUTY LAB тобына шеберлердің іріктеуін өткізді

26 Ақпан

Сеулден келген жетекші визажист Алматыдағы PARKJUN BEAUTY LAB тобына шеберлердің іріктеуін өткізді

Сеулден келген жетекші визажист Алматыдағы PARKJUN BEAUTY LAB тобына шеберлердің іріктеуін өткізді
Су Джин визажисттерді іріктеу және макияж бойынша (мысалы, күндізгі, кешкі, үйлену тойына, ерлер үшін) күнделікті шеберлік сабақтарын өткізу барысында, біз одан шағын сұхбат алдық.

Танысайық!

Су Джин Ли – позитивтік қуаты бар ұқыпты, стильді және жасампаз қыз. Ол Сеулдегі шаштараз өнерінің гуруі Пак Чжуннның тобында жетекші шебер және визаж бойынша лектор, онда 5 жылдам астам жұмыс істейді. Визажист ретінде оның жалпы жұмыс өтілімі 15 жылдан астам.

Бұрын ол Корейдің шоу-бизнесі жұлдыздарының фэшн-стилисті болып жұмыс істеді. Кейін бетті арайландыру үшін визажист рөлінде өзін сынау шешімін қабылдады. Ол бұл шығармашылыққа ұғына кірді және бетпен жұмыс істеу анағұрлым жанды және қызықты деп шешті.
"Жұмыста не шабыт береді?" деген сұраққа "Менің визаж бойынша оқытушым. Ол менде тек бетке бояуды жағатын маманды ғана емес, ал бетті өзгерте, ойлап шығара, сынай алатын туынгерді тудырды" деп шабыттана жауап берді.

- Неге сіз нақ ParkJun Beauty Lab сұлулық салонын таңдадыңыз, Корейде сұлылық индустриясы өте дамыған және бәсекелестікке қабілетті емес пе?

С.Дж: Команда ParkJun тобы бір ағза сияқты, біздің талғамдарымыз, идеяларымыз ортақ, біз жұмыла бірлесіп және үйлесімді жұмыс істейміз. Мен оларды отбасым және менің екінші үйім деп батыл айта аламын. Сондықтан да бізде жақсы серіктестік жұмыс бар! Шебердің өзі Пак Чжуннің шабыт беретіні соншалықты, мен өзімнің жұмыс орныммен толықтай қанағаттанамын.

- Алматыдағы PARKJUN BEAUTY LAB сұлулық салонынан не күтесіз? Оның Сеулдегі басты салоннан ерекшелігі неде? Біз сіздің салоныңыздың рухын, мәдениетін біздің ортаға бере алдық па?

С.Дж: Сіз оны жүз пайыз ешқашан бере алмайсыз, өйткені бұл тек корей халқы үшін ғана жұмыс істейді. Алайда, біздің технологияларды, шеберлікті және мінсіз сервисті қолдана отырып, өзіңіздің әлдебір айрықша бірегейлігіңізбен бірге сіз жоғары нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Сізде бізден ерекше бизнесте, мәдениетте, менталитетте өздеріңіздің биязылығыңыз бар және сізде алда өзіңіздің қайталанбас жолыңыз бар. Ал, біз сіздерді қолдаймыз және көмек береміз!

- Сіз көптеген кандидаттар арасында шебер визажистті және оның көмекшісін іріктедіңіз. Сіздердің әлеуеті туралы не ойлайсыз? Олар сіздегі сияқты өзінің қолтаңбасына ие бола алады ма?

С.Дж: Шеберлерді үйрету кезінде мен әлеуетті, көздерде үмітті көрдім және олардың барлығын бірден меңгерулері ұнады. Бұл жақын келешекте оларды ең үздік болуларына көмектеседі. Мен мезгілді келемін және шеберлердің тұрақты дамулары үшін жаңа трендтерге және технологияларға үйретемін.

- Алматы келген кезде Сіз жергілікті қыздарды байқаған боларсыз. Олардың макияжы туралы не айта аласыз? Оларға не жетпейді?

С.Дж: Қазақстандық қыздар өзгеруге қорқады, олардың барлығы бір белгілі тренді ұстанады. Корейлік қыздар әлдеқашаннан ауқымды, қанық макияжға әуес. Фавордағы сервис – жаратындылық, жеңілдік және табиғылық. Ерлердің бетке күтімі аз және макияжды (жаратынды, табиғи) қолданбайтыны қызық.

- Қазақстандағы PARKJUN BEAUTY LAB тобына сіздің тілектеріңіз?

С.Дж: Барлық шеберлер бірегей топқа бірігулері, бір құндылықты ұстану, өз жұмысын жан-тәнімен орындау керек. Релакс үшін тұтынушының ең сүйікті жері болуы үшін оған соншалықты жақсы қарым-қатынаста болу керек. Оны күлкімен қарсы алатын, оның жылулық пен сенімділікті таба алатын жері болу керек.