. Parkjun<li><a href='/kaz/'>Басты</a></li><li class='active'>Біз туралы</li>
PARKJUN BEAUTY LAB компаниясы туралы

Пак мырза 1981 жылы Оңтүстік Корейде PARKJUN BEAUTY LAB компаниясының негізін қалады. Маэстро, гуру, әлемдік даңқы бар ең атақты стилисттердің бірі Пак мырза өзінің алдына мақсат қойған – дара тіл табу арқылы сұлылықты жарату. Қазіргі таңда, Оңтүстік Корейде 100 астам сұлулық салондары, сондай-ақ АҚШ пен Оңтүстік - Шығыс Азияның ірі қалаларында 14 салон жұмыс істейді.

Брендтің қандай ерекшеліктері бар және оны әлемдік нарықтың атақты жобасы ететін не?

Брендтің тарихына шолу жасасақ

1981 жылы кәсіпқой стилист, Пак мырзаның құрметіне аталған бірінші сұлулық салоны ашылады және 80-ші жылдың соңында Сеулдің ең беделді аудандарының бірі – Гангнамның өзінде бірінші сұлулық зертханасы ашылады. 90-шы жылдары елдің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, компания бүкіл әлем бойынша өзінің салондарының желісін кеңейтеді, сондай-ақ оңтүстік корейлік оператор өзінің ұстанымдары мен новаторлық шешімдерін сақтайды.

2000-шы жылдары компания үшін жаңа дәуір басталады. PARKJUN BEAUTY LAB Гиннес рекордтар кітабына, ең ірі желі – сұлулық индустриясының франшизасы ретінде енгізілді. Зертхананың шеберлері сұлулық пен сәннің ауқымды байқауларына қатысады, жүлделі орындарды алады. 2004-2010 жылдары компанияны мемлекет «Тұтынушының таңдауы», «Франшизалар арасындағы ең үздік менеджмент», «Сұлулық индустриясындағы ең үздік Корей операторы», «Ең үздік бренд» марапаттарымен ерекшелейді.


PARKJUN BEAUTY LAB сәнқұмарлар арасында ғана атақты болып қоймай, халыққа жақындауда, сондай-ақ қоғамға адалдық, махаббат және рақымдылық сезімін ұластыруға көмектесе отырып, әлеуметтік, ерікті қызметпен айналысады.


2012 жылы компания елдің 35 сұлулық колледждері мен академияларында жұмысын бастайды, сондай-ақ Оңтүстік Корейдің әскерінде өзінің сұлулық салонын ашады.

Бүгінгі күнде, зертхананың дизайнерлері – стилисттері АҚШ-тың және Оңтүстік – Шығыс Азияның ең үлкен қалаларына, оның ішінде жоғары сәннің апталарына, түсірілімдерге, фестивальдарға, концерттерге, сұлулық конкурстарына және басқа шараларға қызмет көрсетеді. Пак мырза мен оның шеберлері бүкіл әлем бойынша семинарлар мен тренингтерде сөз сөйлейді, әріптестерімен шығармашылық тәжірибемен бөліседі.

Компания, шеберлер үшін шығармашылық және жеке даму мүмкіндігі бере отырып, олар үшін жақсы жағдай жасау – ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, PARKJUN BEAUTY LAB міндетінің негізі - бақыт “Happy employees create happy customers” (Бақытты шеберлер – бақытты тұтынушылар).

PARKJUN BEAUTY LAB Қазақстанда

Қазіргі таңда, қазақстандық нарыққа оңтүстік корейлік франшизаны белсенді енгізу жүргізілуде, жетекші дизайнер – стилист, сұлулық индустриясының лекторы Kim Jin Youp мырза таңдайтын және үйрететін, конкурстық негізде стилист – шаш қиюшылар жиыны жарияланды. Ол 2015 жылда Сеулде PARKJUN BEAUTY LAB қорытындысы бойынша «ТEAM ART» үздік стилисттердің бестігіне кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан осы бренді ұсынатын бірінші ел (ТМД елдерінен) болып табылады.

Қазіргі таңда, Алматыдағы люкс санатты моллда – Есентай Моллында салонның құрылысы жүргізілуде. Франшизаның талаптары бойынша, салон Оңтүстік Корейден әкелінген және жергілікті тұтынушыларға бейімделген, ноу хау технологияларымен, құралдарымен және материалдарымен жабдықталуы керек. Зертхананың көптеген қызметтері қазақстандықтар және астанының қонақтары үшін мүлдем жаңа және әдеттен тыс құбылыс болып табылады. Салонның стандартты қызметтерінен басқа, сіз сыртқы келбеттің, шаштың құрылысының, терінің түсінің және т.б. ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір тұтынушыға ерекше күтімді табасыз. Сандық жүйені қолдана отырып, көп каналды интеграция.